XIAOMI КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
- ӨНІМНІҢ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ
БҰЛ КЕПІЛДІК СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚҰҚЫҚТАР БЕРЕДІ ЖӘНЕ ОЛАР ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҚТЫҢ НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ, ШЕТКІ АЙМАҚТАРДА НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢМЕН ЕҢ ҚЫСҚА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ КӨЗДЕЛГЕН. XIAOMI КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ШЕКТЕМЕЙДІ ЖӘНЕ ТОҚТАТПАЙДЫ. ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУ ҮШІН ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҒЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ОБЛЫСЫҢЫЗДЫҢ ЗАҢДАРЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ. Шартта көрсетілген осы кепілдік Xiaomi өнімдерінің (бұдан әрі «өнім») тек аппараттық құрамдастарына қолданылады және Xiaomi компаниясына немесе соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі, бөлек кепілдік міндеттемелері немесе ерекшеліктер берілген немесе қолданылатын үшінші тараптарға тиесілі кез келген бағдарламалық жасақтамаға немесе басқа жабдықтарға қолданылмайды.
ӨНІМНІҢ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ
Xiaomi компаниясы алғашқы сатып алушыға Xiaomi өнімінің кепілдік мерзімінде қалыпты пайдалану кезінде материалдардағы ақаулықтарға және дайындау сапасына кепілдік береді. Қолданыстағы заңнамен басқаша берілмеген жағдайда, сатып алынған күннен бастап, кепілдік негізгі құрылғыға бір (1) жылға, алынбалы аккумулятор мен зарядтау құрылғысына алты (6) айға, алынбайтын аккумуляторға бір (1) жылға және құлаққапқа, егер қолданылса, үш (3) айға беріледі. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Хiaomi компаниясы қолданыстағы заңнамамен көзделген заңды ең қысқа кепілдік мерзімін жоймайды, оны жүзеге асыруды шектемейді және тоқтатпайды. Xiaomi компаниясы өнімнің үзіліссіз немесе қатесіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Егер кепілдік мерзімінде жабдық тоқтап қалып, Xiaomi компаниясына негізделген шағым түссе, Xiaomi компаниясы (1) өнімді тегін жөндейді, жаңа немесе жаңартылған ауыстырмалы бөлшектерді пайдаланады, (2) өнімді жаңа немесе жаңартылған өнімге ауыстырады немесе (3) болуы мүмкін тасымалдау шығындарын қоспағанда, өнім ақысын өтейді.
Ақаулық болған жағдайда заңмен рұқсат етілген толық деңгейде бұл сіздің жалғыз және айрықша құқықтық қорғау құралдары болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайларда, тасымалдау және өңдеуге арналған ақылар алынуы мүмкін. Кез келген ауыстырмалы аппараттық өнім үшін бастапқы кепілдік мерзімінің қалған мерзіміне немесе отыз (30) күнге, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге немесе юрисдикцияңызда қолданылуы мүмкін кез келген қосымша уақыт кезеңіне кепілдік беріледі.
КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Xiaomi компаниясы клиенттен сатып алу мәліметтері бойынша дәлелдемелерді және өнімнің IMEI коды бар кепілдік картасын көрсетуді талап етуі мүмкін. Өнімде сақталған кез келген деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың резервтік көшірмесін жасау сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады. Қызмет көрсету барысында мұндай деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың жоғалып кетуі немесе түрлендірілуі мүмкін, Xiaomi компаниясы кез келген осындай зақымдалу немесе жоғалуға жауап бермейді.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi компаниясымен басқаша көзделмесе, осы шектеулі кепілдік тек жабыстырылған «Xiaomi» немесе «Mi» сауда белгісі, сауда атауы немесе логотип арқылы анықтауға болатын, Xiaomi компаниясымен немесе Xiaomi компаниясы үшін өндірілген өнімдерге қолданылады. Шектеулі кепілдік төмендегілерге қолданылмайды: (a) Табиғат апаттарына, мысалы, найзағай түсу, қатты құйын, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептерге байланысты зақымдалу; (ә) немқұрайлылық; (б) оммерциялық мақсаттарда пайдалану; (в) өнімнің кез келген бөлшегін түзету немесе өзгерту; (г) Xiaomi өнімдерінен басқа өнімдермен пайдалануға байланысты зақымдалу; (ғ) оқыс оқиға, дұрыс пайдаланбау немесе қиянат жасауға байланысты зақымдалу; (д) Өнімді Xiaomi компаниясымен сипатталған рұқсат етілген немесе мақсатты пайдаланудан тыс немесе дұрыс емес кернеу немесе қуатпен пайдалану нәтижесінде туындаған зақым; (ж) Xiaomi компаниясының өкілі болып табылмайтын кез келген адамның қызмет көрсетуі (жаңартулар мен кеңейтімдерді қоса) нәтижесінде туындаған зақым немесе (з) өнімді пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау Осы шектеулі кепілдік қамтымайтын бағдарламалық жасақтамаларды және пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату. Xiaomi делдалына, агентіне немесе қызметкеріне осы шектеулі кепілдікті өзгертуге, ұзартуға немесе толықтыруға рұқсат етілмейді. Егер қандай да бір талап заңсыз немесе заң тұрғысынан жарамды болса, қалған талаптардың заңдылығы мен заң тұрғысынан жарамдылығына ықпал етілмеуі немесе олардың бұзылмауы тиіс. Заңдармен тыйым салынған немесе Xiaomi компаниясымен басқаша қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету бастапқы сатып алу елінде немесе аймағында орындалуы тиіс. Осы кепілдіктер тиісті түрде импортталмаған және/немесе Xiaomi компаниясымен өндірілмеген және/немесе Xiaomi компаниясынан немесе Xiaomi компаниясының ресми сатушысынан тиісті түрде алынбаған өнімдерді қамтымайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз өнімді сатқан ресми емес сатушының кепілдіктерінен пайда көре аласыз. Сондықтан Xiaomi компаниясы өнімді сатып алған сатушымен байланысуды ұсынады. Осы кепілдіктер Гонконгта және Тайванда қолданылмайды.
ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, барлық ұйғарынды кепілдіктер (коммерциялық кепілдіктер мен белгілі бір мақсаттарға сай болуымен қоса) осы шектеулі кепілдіктің ұзақтығымен шектелуі тиіс. Кейбір юрисдикцияларда ұйғарынды кепілдіктің ұзақтығы бойынша шектеулерге жол бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер сізге қолданылмауы мүмкін.
ЗАҚЫМДАЛУ ШЕКТЕУЛЕРІ
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, Хiaomi компаниясы кез келген кездейсоқ, жанама, әдейі немесе кезекті зақымдарға, соның ішінде шығындар, табыс немесе деректерді жоғалтумен шектелмей, анық немесе ұйғарынды кепілдіктің немесе шарттың бұзылуына байланысты немесе кез-келген басқа құқық теориясы бойынша, тіпті Хiaomi компаниясы осындай зақымдардың мүмкін болуы туралы хабардар болғанымен де, жауапкершілік алмайды. Кейбір юрисдикциялар әдейі, жанама, кездейсоқ немесе кезекті зақымдарды алып тастауға немесе шектеуге жол бермейді, сондықтан жоғарыда аталған шектеулер немесе алып тастау сізге қолданылмауы мүмкін.